USD
USD
USD

Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері бір жылда 13,5% азайған

Ұлттық статистика бюросы жариялаған дерекке сәйкес, тамызда тұрғын үйді алып-сату мәмілелері былтырғы жылдың тиісті айымен салыстырғанда 41 380-нен 35 807 мәмілеге дейін азайған. Соның ішінде Астана қаласында бұл көрсеткіш 32,3%-ға төмендеген.

Пәтер кілті
Фото: freepik.com

Астана, NEGE. Шілдеде тұрғын үйді алып-сату бойынша 37 158 мәміле тіркелсе, тамызда жасалған мәмілелер саны 35 807 болып, 3,6%-ға азайған. Өткен айда Алматыда 7 690,  Астанада 6 398, Қарағанды облысында 2 825 мәміле тіркелген. Статистика бойынша осы өңірлер көш басында тұр.

Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелері саны да шілде айымен салыстырғанда 3%-ға азайған. Жалпы тамыз айында пәтерлер бойынша барлығы 27 719 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 77,4%-ына тең. Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй саудасының негізгі үлесі  Алматы, Астана қалаларына және Қарағанды облысына тиесілі. Бұл айда негізінен 1 бөлмелі пәтерлер көбірек сатылған.

Тамызда жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны да 5,8% азайған. Тамыз айында барлығы 8 088 мәміле тіркелген. Жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер санының ең жоғарғы өсімі Қызылорда (7,8%), Қарағанды (6,3%) және Жетісу (2,7%) облыстарында тіркелген.

Қазір оқып жатыр

ТЖМ-нің жоғары лауазымды қызметкері түнде шу шығарды ма: Полиция не дейді?

Ерлан Төрегелдиев

Астанада жолаушыға әдепсіз ұсыныс жасаған таксист 10 тәулікке қамалды

Жүргізуші

Түркістан облысында зейнеткердің үйін жөндеп бермек болған еріктілер шатырдан 5 млн теңге тауып алды

Ақша

Қазақстанда мәслихат сайлауы өтетін күн белгілі болды

Құрылтай сайлауы