USD
USD
USD

Қазақстанда тұрғын үй саудасы түсіп барады

Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері бір жыл ішінде 6,5%-ға азайған. Биыл шілде айында 37 158 мәміле тіркелсе, өткен жылы осы кезеңде 39 742 мәміле рәсімделген. Ең жоғары өсім Ұлытау (+25,9%) облысында байқалса, Қызылорда облысында мәмілелер саны осы аралықтағы көрсеткіш бойынша, 21,4%-ға азайған.

тұрғын үй нарығы
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Ұлттық статистика бюросы келтірген дерекке сәйкес, шілдеде маусым айымен салыстырғанда да тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша мәмілелер саны 5 пайызға жуық азайған. 

Бұл ретте көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй бойынша рәсімделген мәмілелер саны маусым айымен салыстырғанда 2,9%-ға азайған. Биылғы шілде айында пәтерлер бойынша барлығы 28 575 мәміле жасалған. Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй саудасының негізгі үлесі Астана (24%), Алматы (23,4%) қалаларына және Қарағанды облысына (7,8%) тиесілі.

Бөлмелер саны бойынша 2 бөлмелі пәтерлер сатылымы басым болды – 11 056 мәміле.

Маусыммен салыстырғанда шілдеде жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны да 10,8% (1 038) азайды. Шілдеде барлығы 8 583 мәміле тіркелген.

Жеке тұрғын үйлерге Маңғыстау (-49%), Ұлытау (-47%) және Қарағанды (-32,9%) облыстарында сұраныстың азайғанын байқаймыз.

Тұрғын үйге сұраныс Алматы (19,5%) және Астана (18,8%) қалаларында басым. Бұл қалаларда шілдеде тиісінше 7 263 және 6 999 мәміле тіркелген. Ал Ұлытау облысында бір айда бар болғаны 311 мәміле рәсімделген.

Маусым айымен салыстырғанда Маңғыстауда мәмлелер саны 33,7%-ға, Қарағандыда 28,7%-ға, Түркістан облысында 22,4%-ға азайған.

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер