USD
USD
USD

Қазақстанда тұрғын үй бағасы арзандай бастады

Қазақстанда жыл басынан бері алғаш рет сәуірде қайталама тұрғын үй нарығында баға орташа есеппен 0.1 пайызға төмендеді.

тұрғын үй
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Krisha.kz сарапшыларының мәлімдеуінше, бір ай ішінде 18 қаланың 10-ында тұрғын үй арзандаған.

Тұрғын үй бағасы айтарлықтай төмендеген қалалар:

  • Ақтау – 2,1%;
  • Түркістан – 1,3%;
  • Орал – 0,8%.

Тіпті ірі қалалардың өзінде бағаның аздап төмендегені байқалды:

  • Алматыда – 0,4%;
  • Астана мен Шымкентте – 0,5%.

Ең қымбат үйлер Алматыда сатылуда. Бұл қалада тұрғын үйдің бір шаршы метрі орташа есеппен 819,6 мың теңгеге бағаланады.

Ал Қызылордада тұрғын үйдің бір шаршы метрі орташа есеппен 270 мың теңгеден бағаланып, ең арзан қалалардың көшін бастап тұр. Алматымен салыстырғанда айырмашылық үш еседей.

Сәуірде баспана сәл арзандағанымен, желтоқсан айымен салыстырғанда пәтер бағасы орта есеппен 2,4%-ға өскен.

Ең жоғары өсім:

  • Көкшетауда (+7,1%),
  • Астанада (+6,5%),
  • Павлодарда (+5,3%).

Жылдық есепте тұрғын үй бағасы орташа есеппен 8,1%-ға өскен. Соның ішінде Астанада 17,7%-ға, Көкшетауда 12%-ға, Қарағандыда 11,6%-ға қымбаттаған.

Қазір оқып жатыр

Orda.kz-тің бұрынғы бас редакторы Гүлнар Бажкеноваға шыққан үкім өзгеріссіз қалды

Гульнара Бажкенова

Қадырбек Шынбаев Азиадада аралас жекпе-жектен Қазақстан қоржынына екінші алтынды салды

Қадырбек Шынбаев

Qarmet өндірісті жаңғыртып жатыр: жаңа коксты батареялар мен сортты прокат кешені қашан іске қосылады?

Qarmet

Қазақстанда жергілікті полиция қызметіне 20 мыңнан астам адам жетіспейді

ұрлық