USD
USD
USD

Қазақстанда «түнгі тендерлерге» тыйым салынды

Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алуларды іске асыру тәртібі жеңілдетілгенін хабарлады.

freepik.com
Фото: freepik.com

Астана, NEGE. Министрлік мәліметінше, бұл өзгерістер ашықтықты арттырып, процестің барлық қатысушысына түсінікті жүйені құруды көздейді.

Атап айтқанда, электронды дүкеннің қызметін жақсарту бойынша шаралар қолданылған. 

Сатып алу процесінде барлығына тең мүмкіндік беру мен тауарларды қымбат бағамен сатып алуды тежеу үшін міндетті түрде алдын ала тапсырысты рәсімдеу қажет.

Бұдан бөлек түрлі тауарларды біріктірілген лотқа қосудың алдын алған нақты жағдайлар тіркелген.

«Тапсырысты рәсімдеудің әр нұсқасы бойынша қажетті іс-қимылдың нақты тәртібі бар.

Осы ретте жұмыстан тыс (түнгі) уақытта тапсырысты рәсімдеуге жол бермеу үшін бұл процесс сағат 08.00-20.00 аралығында іске асырылатынын айта кетейік», – делінген ведомство хабарламасында.

Тиісті бұйрық 2025 жылдың 19 желтоқсанынан бастап күшіне енді.

Айта кетейік, бұған дейін мәжіліс депутаты Әбутәліп Мүтәліге тиесілі BESupply компаниясымен жасалған 287 млн теңгелік келісімшарт бұзылғанын жазған едік. Жамбыл облысында «Мекеме» ақпараттық жүйесін сүйемелдеу қызметін сатып алуға конкурс жарияланған. Байқауда BESupply жеңіске жеткен. Бұл тендер біраз күмән туғызды. Өйткені өтінімдер тек түн ортасынан таңға дейін қабылданған.

Түнде өткен тендерді Мәжіліс депутатына тиесілі компания жеңіп алғаннан кейін Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев түсінік беруге мәжбүр болды

Қазір оқып жатыр

Қазақстан КҚК арқылы мұнай тасымалдайтын кемелерге жасалған шабуылды айыптады

СІМ

Алматыда Altyn City тұрғындары 40 градус аптапта жарықсыз қалып, жолды жапты

.

«Қайратпен» келіссөздер жүріп жатыр: Канье Уэстің концертіне билет сату кейінге шегерілді

.

Саканың хет-тригі Англияға әлем чемпионатының қола жүлдесін әкелді

.