USD
USD
USD

Қазақстанда төтенше жағдай кезінде паркингтер паналау орны ретінде қолданылмақ

Халықты паналау орындарымен қамтамасыз ету қағидалары бекітілді. Жаңа стандарт жертөлелерді, жерасты паркингтерін және басқа да жер асты кеңістіктерін қамтиды.

Паналау орны
Фото: freepik.com

Астана, NEGE. Сауда және интеграция министрлігінің хабарлауынша, 1 қаңтардан бастап Қазақстанда төтенше жағдайлар кезінде пайдаланылатын паналау орындарына арналған жаңа стандарт күшіне енді. Құжатта паркингтерді және басқа да жер асты үй-жайларын халықты қорғау мақсатында бейімдеуге қойылатын талаптар айқындалған. Стандартты ҚазСтандарт әзірлеген.

Әлемдік тәжірибеде халықты қорғау үшін жертөлелер, цокольдік қабаттар, жерасты өткелдері мен метрополитен сияқты жер асты кеңістіктері кеңінен қолданылады. Министрлік мәліметінше, Қазақстанда да мұндай нысандар азаматтық қорғанысқа арналған қорғаныс құрылыстары ретінде пайдаланылуы мүмкін.

«Жаңа стандарт қолданыстағы нормативтік олқылықтарды жойып, паналау орындарына қойылатын бірыңғай талаптарды енгізеді. Құжат табиғи, техногендік және әскери сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде халықты қорғау мақсатында ғимараттарды тексеру және оларды бейімдеу тәртібін айқындайды», – делінген хабарламада.

Стандартта үй-жайлардың құрылымы мен жоспарлануына, сондай-ақ тіршілікті қамтамасыз ету жүйелеріне қойылатын талаптар белгіленген. Олардың қатарына желдету, сумен жабдықтау, электрмен қамту, санитариялық жағдайлар және байланыс жүйелері кіреді. Сонымен қатар ғимараттардың техникалық жай-күйін бағалау тәртібі, оның ішінде көтергіш конструкциялар мен инженерлік жүйелерді тексеру талаптары қамтылған.

Қажет болған жағдайда конструкцияларды күшейту және үй-жайларды қайта бейімдеу шаралары қарастырылған.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында 12 мың орындық 7 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Атырау облысы жаңа оқу жылы

Ресей «Байқоңыр» мен әскери полигондарды жалға алғаны үшін Қазақстанға 64,8 млрд теңге төлейді

«Байқоңыр» кешенін жалдау ақысы

Қазақстандықтарға «неке мерзімін ұзарту» туралы жалған хабарлама тарады

хабарлама

Тоқаев ШЫҰ Су мәселесін талдау орталығын құруды ұсынды

су қауіпсіздігі