USD
USD
USD

Қазақстанда төрт коллекторлық агенттік жұмыс істеу құқығынан айырылды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрт коллекторлық агенттік тізілімнен шығарылғанын хабарлады.

мөр басу
Фото: ҚНРДА

Астана, NEGE. Атап айтқанда, Seven, iCollect, «Каз Инвест Коллекшн» және «Табыс» коллекторлық агенттіктері. ҚНРДА аталған коллекторлық агенттіктерді тексеру барысында борышкерлермен жұмыс істеу кезінде жүйелі түрде ереже бұзушылықтарға жол берілгенін анықтаған.

Осыған байланысты бұл ұйымдар коллекторлық қызметті жүзеге асыру құқығынан айырылды. Енді олар тізілімнен шығару туралы хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік 5 күн ішінде кредиторларды, борышкерлер мен сенімгерлік басқару шарттары жасалған тұлғаларды хабардар етуге тиіс. Сондай-ақ ұйымдар күнтізбелік 30 күн ішінде өз атауынан «коллекторлық агенттік» деген қызмет түрін білдіретін сөздерді алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін жүргізуі керек.

«Бұл ретте коллекторлық агенттікті тізілімнен шығару борышкерлерді банктік қарыз шарттары немесе микрокредит беру туралы шарттар бойынша міндеттемелерді орындаудан босатпайды», – деп ескертеді ведомство өкілдері.

ҚНРДА қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау негізгі басымдықтардың бірі екенін атап өтіп, коллекторлық қызметтер нарығында заңсыз әрекеттерді анықтау және жолын кесу бойынша жүйелі шаралар қабылдайтынын ескертті.

Қазір оқып жатыр

Вице-министр Сапарбеков қазақстандық костюмінің бағасын айтты

Олжас Сапарбеков

Қазақстанда ипотеканың бастапқы жарнасы 10 пайызға дейін төмендеуі мүмкін

Ұмай

ҚазҰУ-дағы студент қазасы: проректор мен декан жұмыстан шығарылды

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

2 трлн теңгелік 200 жоба: Қазақстанда қандай кәсіпорындар ашылмақ?

Кәсіпорын