2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Қазақстанда Telegram-ның кеңсесі ашылады

Telegram Қазақстанда кеңсе ашуды жоспарлап отыр, деді Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Meta, Apple және басқа да ірі америкалық компаниялардың өкілдерімен өткен кездесуде.

Telegram
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Алайда министр кеңсенің нақты ашылатын күні мен орнын нақтыламады.

«Біз сондай-ақ Telegram платформасымен заңсыз контентті жедел жою және деструктивті арналарды бұғаттау бойынша белсенді түрде ынтымақтастық орнатып жатырмыз. Біздің заңнамаға сәйкес, енді Telegram, WhatsApp және TikTok сияқты интернет-платформалар Қазақстанда өз өкілін тағайындауға міндетті. Telegram-мен олардың өкілін тағайындау және кеңсе ашу туралы келісімге қол жеткізілді — бұл контентті бақылауды арттыруға бағытталған маңызды қадам», — деп атап өтті Жаслан Мадиев.

Министрлік сонымен қатар Meta компаниясымен алаяқтық схемаларға қарсы күрес жұмыстарын бастауда. Интернет алаяқтыққа қарсы іс-қимыл — ортақ күш-жігерді қажет ететін жаһандық міндет. Meta өкілдері Қазақстан тап болып отырған интернет алаяқтық көптеген елдер үшін ортақ проблема екенін атап өтті. Соңғы тоқсанда Meta жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып, әлем бойынша 1,2 миллиард жалған аккаунтты бұғаттады.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан әскерилердің отбасыларына жиналған қаражатты арнайы комиссия бөледі

Бозымбаев

«Жауапкершіліктен жалтармаймыз»: Қорғаныс министрі Каспийдегі трагедиядан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады

Қорғаныс министрі

Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына кім және қандай көмек көрсетпек?

Қаза тапқан әскерилер

Рөлі істен шығуы мүмкін: Volkswagen мен Audi-дің 900 мыңға жуық көлігі кері шақырылды

Көліктер