19 Қыркүйек 19:18
...

Қазақстанда таза көмір энергиясы тың қарқынмен дамуы керек — Қанат Бозымбаев

Көмір
Фото: pixabay.com

Үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев көмір энергиясы саласын дамытуға қатысты қаржыландыру мүмкіндіктеріне пікір айтты.

Астана, NEGE. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында таза көмір генерациясын дамытуды тапсырды. Жалпы, бұл салада Қытай жағында мол тәжірибе бар. Бұл елде жобаларды экспортты (өзге елдердің жобаларын) түрде қаржыландыруда белгілі бір шектеулер бар, бірақ бұл негізінен мемлекеттік компанияларға қатысты. Осы елдің жеке компанияларында, оның ішінде EPC-мердігерлері бойынша, сондай-ақ жабдықтарға қатысты мол тәжірибесі бар. Атап айтқанда, оларда қаржылық мүмкіндіктері де бар. Өйткені олар әлемнің әртүрлі елдерінде жұмыс істеп жатыр және қаржыландыру көздеріне ие, — деді Қ.

Бозымбаев елордада коммуналдық секторларды жаңғырту тақырыбындағы форумда тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Сонымен қатар ол көмір энергетикасын дамытуға Қазақстандағы даму институттары да жұмылдырылуы мүмкін екенін айтты. Еліміздегі даму институттары да дайындалып жатыр және осы саладағы қаржыландыруды қарастырады.

— Менің ойымша, көмір энергиясы (озық технологиялар арқылы) жаңа қарқынмен дамуы керек. Бұл ретте, Қытайдың да, біздің де қаржыландыруды қарастыруға болады, — деді Үкімет басшысының орынбасары.