USD
USD
USD

Қазақстанда тамыз айында инфляция 10% деңгейінен түсті

Ұлттық статистика бюросы таратқан ақпарат бойынша, тамызда жылдық мәнде инфляция шілдедегі 10,2% деңгейінен төмендеп, 9,8% болды. 

Инфляция
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Жылдық мәнде азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы көбірек өсті – 11,4%, ал азық-түлік тауарлары – 9,5%, ақылы қызметтер – 8,9%-ға қымбаттаған.

Өткен жылдың тамыз айымен салыстырғанда жеміс-көкөніс өнімдерінің жекелеген түрлерінің бағасы түскен. Атап айтқанда, баялды бағасы 46,8%, қияр – 39,9%, қызанақ – 13,6%, алма – 10,6%, сарымсақ – 7,2%, мандарин – 5,9%, қырыққабат – 5,2%, банан – 4,2%, апельсин – 2,6% арзандаған.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде 2025 жылғы тамызбен салыстырғанда отандық құрастырылған жаңа автомобильдердің бағасы 16,9%, электр бұрғылары мен бұрауыштар – 8,0%, кондиционерлер – 7,6%, медициналық бинттер – 3,1% төмендеді.

Статистика мамандарының мәлімдеуінше, айлық мәнде тамызда бағаның негізгі төмендеуі маусымдық жеміс-көкөніс өнімдерінің жекелеген түрлерінде байқалған. Атап айтқанда, картоп бағасы 12,3%, тәтті бұрыш – 11,9%, қырыққабат – 9,7%, жүзім – 8,0%, пияз – 7,7%, алма – 5,1%, сәбіз – 5,0%, лимон – 4,7%, қызылша – 3,6% төмендеді. Сондай-ақ алмұрт бағасы 1,8%, қияр – 1,5% арзандады.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде пайдаланылған жеңіл автомобильдер бағасы 5,3%, планшеттер – 5,0%, медициналық маскалар – 2,9%, медициналық термометр – 1,9%, электр еттартқыштар мен балалар жөргектері – 0,8% төмендеді.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы