USD
USD
USD

Қазақстанда тамақ жеткізетін курьерлерге қатысты жаңа талап бекітілді

ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті ҚР СТ 3988-2024 «Қоғамдық тамақтану қызметтері. Тұтынушылардың тапсырысы бойынша қоғамдық тамақтандыру өнімдерін жеткізу. Жалпы талаптар» құжатын бекітті.

Курьер
Фото: ТЖМ

Алматы, NEGE. Құжат 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді.

Стандартты ҚР СИМ Сауда комитетінің бастамасы бойынша Қазақстан стандарттау және метрология институты әзірледі.

– Осы стандартты қолданудан қоғамдық тамақтандыру өнімдерін жеткізу нарығындағы талаптардың ашықтығы мен бірізділігі қамтамасыз етіледі. Тұтынушылардың көрсетілетін қызметтерге деген сенім деңгейі артады және Қазақстан Республикасында азық-түлік қауіпсіздігі жүйесінің нығаюына ықпал етеді, – деп атап өтті Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Жанна Есенбекова.

Мысалы, стандартқа сәйкес курьерлерде медициналық тексеруден өткені туралы белгісі бар белгіленген үлгідегі жеке медициналық кітапша болуға тиіс және олар кәсіби гигиеналық дайындықтан өтуге, сондай-ақ жалпы қабылданған нормалар мен мінез-құлық ережелерін басшылыққа алуға тиіс.

Бұдан басқа, қоғамдық тамақтандыру өнімдерін тапсырыста көрсетілген орын бойынша тұтынушыларға жеткізу кезінде және тапсырыстарды беру пункттерінде қаптаманың тасымалдау барысында сыртқы зақымдануын анықтау үшін тапсырыстағы өнімді тексеру мүмкіндігі берілуге тиіс.

Қабылданған стандарт мейрамханалардың, кафелердің, логистикалық компаниялардың және курьерлердің тамақ жеткізу қызметінің сапасын арттыруға арналған.

Қазір оқып жатыр

Шерзат Полаттың қазасы бойынша сот үкімі өзгеріссіз қалды

Шерзат Болат

Тоқаев Мадьярды сайлаудағы жеңісімен құттықтады

.

«Машалла», «иншалла» сөздерін қолдану қаншалықты орынды?

Төрәлі Қыдыр

«Жаңбыр жауса, жылаймыз»: Таразда екі жүздей тұрғын шатыры шұрық тесік үйде тұруға мәжбүр

Тұрғын үй