USD
USD
USD

Қазақстанда тағы бір блогерге іздеу жарияланды

ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті andersonchik1 лақап атымен танымал блогер Ильяр Ювашевке мемлекетаралық іздеу жариялады.

Ильяр Ювашев
Фото: andersonchik1

Алматы, NEGE. Ол еліміз аумағында лицензиясыз жұмыс істеген заңсыз интернет-казино қызметін ұйымдастыруға жәрдемдесті деген күдікке ілінді.

Тергеу деректеріне сәйкес, Ювашев 2024–2025 жылдары интернет-казино желісін құруға және басқаруға қатысқан, оның ішінде mellstroy gamе ресурсы да бар. Қаржы ағындарын заңдастыру және операцияларды жасыру мақсатында 22 жалған заңды тұлға тіркеліп, POS-терминалдар мен электронды төлем құралдары пайдаланылған. Осы арқылы ойыншылардан 3,6 млрд теңгеден астам қаражат түскен.

«Іздестіріліп жатқан тұлғаның орналасқан жері туралы қандай да бір мәлімет белгілі болған жағдайда, Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне хабарлауларыңызды сұраймыз: +7 7172 70 84 79 (іш.21384) – кезекші бөлім; Call-орталық: 1458», – делінген ҚМА таратқан мәліметте. 

Ақпарат берген тұлғаларға сыйақы қарастырылған, құпиялылық сақталады.

Еске сала кетсек, ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті Беларусь Республикасының азаматы, «Mellstroy» атымен белгілі блогер Андрей Буримге қатысты қылмыстық істі тергеуді жалғастыруда.

Интернет-казиноны насихаттау үшін блогер түрлі ұтыс ойындары мен челлендждер ұйымдастырған.

Қатысушыларға TikTok, YouTube Shorts және басқа да әлеуметтік желілерде Mellstroy бренді, казино логотиптері мен сайт сілтемелері көрсетілген бейнероликтер түсіру ұсынылған.

Бурим халықаралық іздеуге жарияланған.

Қазір оқып жатыр

Алматыда ер адам 12 жастағы балаға пышақпен шабуыл жасап, гитарасын тартып алмақ болған

Алматы

Колумбияда әскери ұшақ апатқа ұшырап, 66 адам қаза тапты – БАҚ

Колумбияда әскери ұшақ апат

Қазақстанда жаңа цифрлық KEDEN жүйесі енгізіліп жатыр

Кеден

«Газ баллонын ашып, әдейі өрт тұтатқан»: Шахтинскідегі жарылыстың мән-жайы айтылды

Шахтинскідегі өрт