USD
USD
USD

Қазақстанда суррогат ана қызметіне кім тапсырыс бере алады: заңға өзгеріс енгізілді

Енді суррогат ана қызметіне тек Қазақстан Республикасының некеде тұрған азаматтары ғана тапсырыс бере алады.

суррогат ана
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Атап айтқанда, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекс жаңа тармақпен толықтырылды.

Суррогат ана болу шартын жасасу кезінде Қазақстан Республикасының некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) азаматтары, ерлі-зайыптылар (тапсырыс берушілер) бірқатар талаптарды орындауға міндеттеледі. Соның ішінде:

  • суррогат ананың медициналық тексеруден өтуіне байланысты шығындарды өтеуге;
  • қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолдануға байланысты шығындарды өтеуге;
  • қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолданатын медициналық ұйымдарға өздерінің дене және психикалық денсаулығы туралы медициналық қорытындыны, сондай-ақ медициналық-генетикалық тексеру нәтижелерін ұсынуға;
    • суррогат ананың жүктілік, босану кезеңіндегі және босанғаннан кейінгі 56 күн ішіндегі медициналық қызметтерге жұмсалған шығындарын төлеуге, ал жүктілік пен босануға байланысты асқынулар болған жағдайда босанғаннан кейінгі 70 күнге дейінгі медициналық шығындарды өтеуге міндетті.

Сонымен қатар заңмен жекелеген кіріс көздерін аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер және ауылдық округтер деңгейіне беру көзделген түзетулер енгізілді.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматы мәслихат төрағасы болып қатарынан екі реттен артық сайлана алмайтыны туралы шектеу белгіленді.

Бұдан бөлек «Жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заңға «Мәслихат аппараты басшысының құзыреті» деп аталатын жаңа бап және басқа да өзгерістер енгізілді.

Қазір оқып жатыр

Стамбұл соты Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуды тұтқындауға ордер берді

 Биньямин Нетаньяху

ЕЭК Қазақстан көтерген 30 мәселенің екеуін ғана қолдаған: Саудамин ел мүддесін қалай қорғап жүр

.

Қазақстан мен Қытай арасында енді аптасына 152 рейс қатынайды

Ұшақ апаты

Түркияда Қазақстан азаматы өлтірілді: ІІМ қылмыстық істің жай-жапсарын жариялады

Қылмыс