USD
USD
USD

Қазақстанда судьялардың жауапкершілігі күшейтіледі

Парламент сот жүйесі туралы Конституциялық заңға енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады.

Судья
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Заң жобасын парламентарийлер Мемлекет басшысының сот төрелігін жүзеге асырудың сапасын қамтамасыз ету және судьялардың кәсіби деңгейін арттыру қажеттігі жөніндегі тапсырмаларын іске асыру үшін әзірленді. Оның мақсаты – сот жүйесін одан әрі дамыту.

Атап айтқанда, сот жюриімен сот ісін қарау кезінде заңдылықтың өрескел бұзылуының әрбір фактісі бойынша судьяға қатысты тәртіптік іс материалдарын тексерудің жаңа тетігі енгізіледі, бұл судьялар тарапынан заң бұзушылықтарды болдырмауға оң әсерін тигізетін болады.

Түзетулер аясында Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның ұйымдастырылуы мен қызметінің тәртібі өзгереді. Сондай-ақ судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету бойынша құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктері күшейтіледі.

Қазір оқып жатыр

Кувейтте ауруханаға түскен қазақстандық бортсерікке консулдық көмек көрсетіліп жатыр – СІМ

Қазақстандық бортсерік

Forbes Kazakhstan сайтына хакерлік шабуыл жасалып жатыр

Арманжан Байтасов

Қазақстандағы үшінші АЭС Қостанай облысында салынуы мүмкін

АЭС

Ақтөбеде генерал-майор мен подполковник сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталды деген ақпарат тарады

Тимур Еспағамбетов