USD
USD
USD

Қазақстанда су ресурстарының бірыңғай ақпараттық жүйесі жасалады

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясымен бірлесіп су ресурстарының бірыңғай ақпараттық жүйесін әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

су ресурстары
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бірыңғай ақпараттық жүйеде еліміздегі су шаруашылығы нысандарының жай-күйі туралы барлық ақпарат жинақталады.

Сондай-ақ, жүйе су ресурстарының тұтынушыға дейін бөлінуін және пайдаланылуын бақылауға мүмкіндік береді.

«Су ресурстарын цифрландыру өте маңызды. Бүгінгі таңда Қазақстанның бірнеше облысында ирригация желілерін цифрландыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта цифрландыру элементтерін жалпы ақпараттық жүйеге интеграциялау жоспарлануда», - деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Қазір оқып жатыр

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.