USD
USD
USD

Қазақстанда сот-сексологиялық сараптамасы пайда болады

Қазақстанда сот сараптамасының жаңа түрі енгізіліп жатыр. Бұл туралы Әділет министрлігі ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді. 

сараптама
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Министрлік адамның жеке басына қарсы, оның ішінде сексуалдық сипаттағы қылмыстар санының өсуіне байланысты, сондай-ақ халықаралық тәжірибені талдау нәтижелері бойынша сот-сексологиялық сараптаманы енгізу жұмысын бастаған.

«Сот-сексологиялық сараптамадағы зерттеу мәні - заңды маңызы бар және белгілі бір құқықтық салдарға әкеп соғатын жыныстық рөлдік функцияларды қалыптастыру және жыныстық белсенділікті жүзеге асыру заңдылықтары мен ерекшеліктері болып табылады. Сараптама жүргізу шеңберінде адамның психологиялық портреті жасалатын сұрақтар қойылады - жыныстық/психосексуалдық дамудағы ауытқуларды, жыныстық саладағы патологиялық жетектерді анықтау мақсатында», - деді Талғат Уәли. 

Бұл жобаны жүзеге асыру мақсатында Астанадағы сот сараптамаларының ғылыми-практикалық орталығының үш сарапшысы Беларусь елінде тағылымдамадан өтті. Қазіргі уақытта тиісті әдістеме әзірленіп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Астанада сатып алушыларды 128 млн теңгеге алдаған автосалон директоры сотталды

Автосалондағы клиент пен сатушы

AI & Digital Bridge форумына бюджеттен бір теңге де жұмсалған жоқ – вице-министр

AI & Digital Bridge 2026

Астанада тұрақта тұрған бес көлік өртеніп кетті

Өртке оранған автокөлік

ШҚО-да алтынды заңсыз өндіруді ұйымдастырған шенеунік 4 жылға сотталды

блогер соты