Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қазақстанда соңғы жылдары алғаш рет интернет-алаяқтық саны төмендей бастады

Елімізде миллионнан астам күдікті қоңырау тоқтатылып, шетелде орналасқан 12 алаяқтық колл-орталықтың қызметі әшкереленді.

Интернет-алаяқтық
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Бұл жөнінде бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді. Ол жаңа Конституция қабылданғаннан кейін жүргізіліп жатқан ауқымды құқықтық реформа аясында құқық қорғау органдарының жұмыс нәтижесіне тоқталып өтті.

Бас прокурордың айтуынша, соңғы жылдары алғаш рет интернет-алаяқтықтың өсу үрдісін өзгертуге қол жеткізіліп, мұндай қылмыстардың саны 9%-ға төмендеген. Сонымен қатар Ұлттық банктің Антифрод-орталығы арқылы 2,9 млрд теңгеден астам сомаға алаяқтық транзакциялар бұғатталған.

Ішкі істер министрлігі мен өңір әкімдіктерімен бірлесіп, жасанды интеллект пен ұшқышсыз технологияларды қолдану арқылы азаматтарға қылмыстық қол сұғу ықтималдығы жоғары 360-тан астам қауіпті локация анықталды. Бұл жерлерде полицияның патрульдеуі күшейтіліп, 4 мыңға жуық жаңа жарықтандыру нүктесі және 3,5 мыңнан астам бейнебақылау камерасы орнатылды.

«Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша елдегі қылмыс деңгейі 11%-ға төмендеді. Адам өлтіру, қарақшылық, тонау, қорқытып алушылық, ұрлық және көше қылмыстары азайды», – деп мәлімдеді Берік Асылов.

Сондай-ақ ол есірткі қылмысына қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижесімен де бөлісті. Айтуынша, «Кибернадзор» жүйесі есірткіні насихаттау белгілері бар 10 мың материалды, оның ішінде 6 мыңнан астам есірткі дүкенін бұғаттаған.

Прокуратура мен полиция органдарының өзара іс-қимылы нәтижесінде 464 мыңнан астам дропперлік шот бұғатталып, есірткіден түскен 2,6 млрд теңгеден астам кіріске тыйым салынған.

Бас прокурор бұл көрсеткіштің артында азаматтардың қауіпсіз өмірі, денсаулығы мен мүлкі тұрғанын атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Шабуылдардан кейін Новороссийск портында қазақстандық мұнай қайта тиеле бастады

мұнай

Аутизмді «емдейміз» деп ақша алады: Қазақстанда мұндай орталықтарды кім бақылайды?

.

Оралда есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында Спартакиада өтіп жатыр

Спартакиада

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті