USD
USD
USD

Қазақстанда скринингтен өту талаптары жаңартылды

Қазақстанда денсаулық скринингі бағдарламалары жаңартылды. 

скриниг
Фото: Gov.kz

Астана, NEGE. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, скринингке қатысу жасы 76 жасқа дейін ұлғайтылды. Бұл профилактикалық бағдарламаларға егде жастағы адамдарды көбірек тарту мақсатында енгізілген. 

Сонымен қатар, арнайы мамандардың негізсіз консультациялары алынып тасталды. Егер зерттеу нәтижелері қалыпты болса, скринингті мейіргер (дәрігердің кәсіби көмекшісі) басқа мамандарға жолдамай-ақ аяқтауы мүмкін.

Цереброваскулярлық бұзылулардың алдын алу үшін МӘМС-ке 50+ ерлерге арналған жаңа скрининг енгізілді: брахиоцефалиялық тамырлардың ультрадыбыстық зерттеуі екі жылда бір рет жүргізіледі. Қыркүйек айынан бастап онкоскринингтердің барлық кезеңдері ТМККК шеңберінде қолжетімді болды, – делінген хабарламада. 

Дәлелді тиімділігі бар зерттеулер енгізілді, соның ішінде: ТТЛП (төмен тығыздықтағы липопротеидтер), триглицеридтер, гликирленген гемоглобин зерттеулері. 

Қазір оқып жатыр

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңімпазға қатысты дауға нүкте қойылды

жеңімпаз

Қазақстанның кей өңірінде сифилис инфекциясының таралуы көбейген

Дәрігер

«Центр плова Loft» ісі бойынша сот Ақмола облысы әкіміне жеке қаулы шығарды

блогер соты

Қарағандыда оқ жарақатын алған ер адам мен әйелдің мәйіті табылды

Полиция