USD
USD
USD

Елімізде сирек кездесетін және жоғалып кету қаупі төнген жануарлардың тізбесі жаңартылады

ҚР экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысында республикада сирек кездесетін және жоғалып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін сақтау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы баяндады.

Қар барысы
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Ол бүгінгі таңда сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жануарлардың 227 түрі тіркелгенін, олардың 131-і омыртқалы және 96-сы омыртқасыздар екенін хабарлады.

«Зоология институтының биологиялық негіздемесінің материалдары бойынша тізбені жаңарту басталды. Бұл жұмыс Халықаралық табиғатты қорғау одағының критерийлеріне сәйкес жүргізіледі. Омыртқасыз жануарлардың 21 түрін тізбеден алып тастау және омыртқасыздардың 6 түрін және омыртқалы жануарлардың 5 түрін енгізу бойынша ұсыныстар енгізілді. Жануарлардың сирек кездесетін және жоғалып кету қаупі төнген түрлерін сақтау бойынша ең тиімді кешенді шара ретінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды (ЕҚТА) құру танылды», – деді Ерлан Нысанбаев.

Ведомствоның мәліметінше, Тәуелсіздік жылдарында Республикадағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының ауданы қолданыстағы ЕҚТА-ны кеңейту және жаңа ЕҚТА құру есебінен 869 мың гектардан 30,9 млн гектарға дейін ұлғайды.

Еліміздің биоалуантүрлілігін сақтау бойынша қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде тоғай бұғысы, құлан, арқар және қарақұйрық популяциясы айтарлықтай өсті. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты мәлімдеме жасайды

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Самұрық-Қазына» өкілдері басшысы ұсталғаннан кейін мәлімдеме жасады

«Самұрық-Қазына»

«Самұрық-Қазына» басшысының ұсталуы бұрын-соңды болмаған жағдай»: саясаттанушы

Данияр Әшімбаев

Келер жылдан бастап декреттегі әйелдердің зейнетақы жарнасы азаяды

ана мен бала