USD
USD
USD

Қазақстанда ішкі рейстерде биометрия енгізілмек

Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев авиация саласын дамыту мен цифрландыру мәселесі қаралған Үкімет отырысында ішкі рейстерде биометриялық сәйкестендіру жүйесі енгізілетінін мәлімдеді.

биометрия
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Оның мәлімдеуінше, Q-Gate жүйесі (паспорттық бақылаудан өздігінен өтуге арналған автоматтандырылған мультибиометриялық терминал) бақылаудан өту уақытын 3 минуттан 50 секундқа дейін қысқартады.

Қазіргі уақытта Астана және Алматы әуежайларында 16 Q-Gate терминалы жұмыс істейді. Биыл Шымкент, Атырау, Ақтөбе және Ақтау қалаларының әуежайларында тағы 16 Q-Gate орнату жоспарланған.

«Келесі кезеңде ішкі рейстерде биометрияны енгізу көзделген. Пилоттық жоба Астана – Шымкент бағыты бойынша іске асырылады», – деп атап өтті Сауранбаев.

Сондай-ақ министр жүк тасымалы саласында e-Freight электрондық құжат айналымы жүйесі енгізіліп жатқанына тоқталып өтті. Оның сөзінше, мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграциялау жүктерді өңдеу мерзімдерін 1 күннен 1 сағатқа дейін қысқартуға және бизнес-процестерді толық цифрландыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қазір оқып жатыр

Ресей, Қытай және АҚШ басшылары бейбітшілік туралы декларация қабылдады

Владимир Путин, Си Цзиньпин, Дональд Трамп

Петропавл жастары ЖИ көмегімен өңірдің экологиялық мәселелерін шешу жолдарын ұсынды

ЭкоХакатон қатысушылары

Өзбекстандық профессор Қазақстанда тыңшылық жасады деген айыппен 10 жылға сотталды

Икболжон Корабоев

«Қоластындағы қызметкерді жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген»: полиция полковнигіне 6 млн теңгедей айыппұл салынды

Данияр Мейірхан