USD
USD
USD

Қазақстанда шетелдік банктердің филиалдарына қойылатын талаптар жеңілдетіледі

Мәжіліс қаржы нарығын дамыту және қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заңды екінші оқылымда қабылдады.

Ұлттық банк
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Түзетулер Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мақсатымен әзірленді. Ол қаржы секторына кәсіби кадрларды тартуға жағдай жасауға, қаржы секторындағы әкімшілік кедергілерді азайтуға және лицензиялау рәсімдерін оңтайландыруға бағытталған.

Заң нормалары Қазақстанда шетелдік еншілес банктер мен олардың филиалдарын ашу талаптарын ырықтандыруды қамтамасыз етеді. Мысалы, шетелдік банктің жиынтық активтерінің ең төменгі көлеміне қойылатын талап 20-дан 10 миллиард АҚШ долларына дейін төмендетілді.

Бейрезидент банктің уәкілетті органға тапсыруы тиіс құжаттар тізімі де қысқартылады. Шетелдік банктердің филиалдары үшін банк қызметітүрлерінің тізімі керісінше кеңейтіледі. Енді оларға жеке тұлғалардың депозиттерін тарту, төлем карточкаларын шығару, валюта айырбастау операциялары, синдикатталған қаржыландыру және басқа да қызметтерді көрсетуге рұқсат етіледі.

Сонымен қатар қазақстандық банктерге қойылатын кей талап, оның ішінде банк ашуға рұқсат берілген күннен бастап бір жыл ішінде жеке ғимараттыңболуы, тиісті персоналды жалдау, сондай-ақ цифрландыруды дамытуға байланысты лицензиялау рәсімдері аясында жекелеген құжаттарды ұсыну талаптары алынып тасталады.

Қазір оқып жатыр

«Ересектермен бірдей жазаға тартылады»: ІІМ ата-аналарға ескерту жасады

Есірткі қылмысы

«Кастетпен ұрған»: Таразда тоғызыншы сынып оқушысын жеті қыз жабылып соққыға жыққан

қыз

Астана мен Алматыда пәтер бағасының өсуіне не әсер етеді?

Астана

Мұнай бағасы тағы өсті

Мұнай