USD
USD
USD

Қазақстанда іс жүргізу түрлері бойынша тәуелсіз кассациялық соттар құрылатын болады

Мемлекет басшысы 2023 жылы 12 қыркүйекте отандық бизнес өкілдерімен кездесуде дербес кассациялық саты құру мәселесі бойынша заңгерлер және кәсіпкерлер қауымымен консультациялар өткізу қажеттілігін атап өтті.

Жоғарғы сот
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Осыған орай заң жобасы аясында ҚПК, АПК, ӘРПК дербес кассациялық соттарды құруға байланысты тиісті түзетулер енгізіледі. Жаңа редакцияға сәйкес Жоғарғы Соттың рөлі өзгереді.

Сот төрелігін тек жергілікті және кассациялық соттар ғана жүзеге асырады. Жоғарғы Соттың негізгі мақсаты сот тәжірибесін нақтылау және біркелкілігін қамтамасыз ету болады.

Осыған байланысты Жоғарғы Сот судьясының бастамасы бойынша жоғары сот органы жергілікті соттардың шешімдерін ерекше жағдайларда қайта қарайды: егер сот тәжірибесіне қайшы келетін шешімдер қабылданса немесе құқықты дамыту мүддесінде қайта қарауды талап етсе.

Сондай-ақ Жоғарғы Сот төрағасының өкілдігі институтын жою ұсынылып отыр.

Қазір оқып жатыр

Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19%-ы қатысты – ОСК

Құрылтай сайлауы

Албания Орталық сайлау комиссиясының өкілі: Келушілер қарасы мол

Құрылтай сайлауы

Маңғыстауда жаңа сайлау учаскелерінде дауыс беру белгіленген тәртіппен ұйымдастырылып жатыр

Балым

Ер адамдардың бір-бірін құшақтап, сүйіп амандасуы дұрыс емес – Тоқаев

жүріс-тұрыс әдебі