USD
USD
USD

Қазақстанда риелторларға арналған жаңа ереже енгізіледі

Қазақстанда енді тұрғын үйді сату-сатып алумен айналысатын риелторлар өзін-өзі реттейтін ұйымдар арқылы жұмыс істеуі тиіс. Бұл  туралы депутат Олжас Құспеков мәлімдеді. 

заң
Фото: oksagen.ua

Астана, NEGE. Депутаттың айтуынша, бұған дейін саладағы реттеу тетігі нақты болмағандықтан, жүйелі бақылау жүргізілмей келген. Енді орталықтандырылған тәсіл қалыптасатын болады.

Ал, аталған салаға жауапты уәкілетті орган болып Индустрия және құрылыс министрлігі бекітілді.

Ведомствоаралық деңгейде риелторлар үшін міндетті кәсіби өзін-өзі реттеу жүйесін енгізу туралы шешім қолдау тапты. Бұл – ұзақ жылдар бойы бірыңғай стандартсыз жұмыс істеген сала үшін өте маңызды қадам. Біз бірнеше рет мамандардың бірыңғай тізімі, ашық қағидалар мен азаматтар алдындағы жауапкершілік қажеттігін айтып келдік, енді бұл модельге Үкімет қолдау білдірді, – деп мәлімдеді депутат.

Құспековтің сөзінше, енді кез келген адам өзін риелтор ретінде таныстыра алмайды.

Аталған ұсынысқа қатысты заң жобасы әзірленіп жатыр. 

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы