USD
USD
USD

Қазақстанда полиэтилен өндіретін зауыт салынады

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов Үкімет отырысында полиэтилен өндіру зауытын салу жөніндегі жобаның іске асырылу барысы туралы айтты.

полиэтилен
Фото: ғаламтордан

Астана, NEGE. Ол Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша полиэтилен өндіретін зауыт салу бойынша жобаны жүзеге асыру басталғанын атап өтті.

Осы жобамен бірге екі инфрақұрылымдық жоба – газ бөлу кешені мен магистралды құбырларды салу іске асырылатын болады.

«3 жобаның жалпы құны шамамен $11 млрд-ты құрайды, бұл ҚМГ мен серіктестердің тікелей инвестициялары. Бүгінде барлық инвестициялық шешімдер қабылданды. Үкімет қолдауының арқасында құрылыс нормаларының кейбір артық талаптары алынып тасталды, нәтижесінде ҚМГ және «Полиэтилен» жобасының инвесторлары қажетті инвестициялық шешімдерді дер кезінде қабылдады. Сонымен қатар газ бөлу кешені жобасын қаржыландыру – ашық мәселе. Қазақстан даму банкімен қаржыландырудың қолайлы шарттары қарастырылуда»,

– деді Асхат Хасенов. 

Қазір оқып жатыр

«Біздің армия өткен ғасырда қалып қойған»: Тоқаев әскери реформаны он күнде әзірлеуді тапсырды

Ақорданың баспасөз қызметі

Каспийдегі қайғылы оқиға: қабылданған шешімдер хронологиясы

Қаза тапқан әскерилер

Маңғыстауда қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды

Маңғыстау

Айдос Мырзахметов қорғаныс министрі болып тағайындалды

Айдос Мырзахметов