USD
USD
USD

Қазақстанда педофилдерге химиялық кастрация жасау тәртібі өзгереді

Қазақстанда педофилдерді химиялық кастрациялау туралы заңанамаға жаңа түзету дайындалып жатыр.

Укол
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Мерзімінен бұрын босатылуға алты ай қалғанда химиялық кастрация қолдану және жаза мерзімі аяқталғанға дейін 12 айдан кешіктірмей мекеме әкімшілігі тарапынан сотқа материалдарды жіберу туралы түзету енгізілуде. Бұл материалдар сот-психиатриялық сараптама тағайындау және тұлғаның психикалық ауытқуы мен жыныстық зорлық-зомбылыққа бейімділігі бар-жоғын анықтау үшін қажет», — делінген ҚР Денсаулық сақтау министрінің «Медициналық мәжбүрлеу шараларын қолдану қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу жобасының сипаттамасында.

Айта кетейік, Қазақстанда химиялық кастрация 18 жастан асқан, кәмелетке толмағандарға зорлық-зомбылық жасаған адамдарға қолданылады. Яғни, педофилия үшін сотталған және бостандықтан айырылған немесе босатылуға жататын адамдарға қатысты.

Химиялық кастрация тек сот шешімімен және міндетті сот-психиатриялық сараптамадан кейін ғана жүзеге асырылады. Сараптама педофилия диагнозын және сотталушының ақыл-есінің дұрыс екенін растауы керек.

Бұл — мәжбүрлі медициналық шара болып саналады және жыныстық құмарлықты басатын антиандрогендік препараттар арқылы жүйелі түрде инъекция жолымен жүргізіледі. Ал денсаулық жағдайына байланысты медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайда, химиялық кастрацияның орнына сотталған адамға психотерапиялық емдеу және психиатр-дәрігердің тұрақты бақылауы тағайындалады.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы