Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қазақстанда «өзін-өзі қорғау құрылымдары» және «ерікті» деген жаңа ұғымдар енгізіледі

Мәжіліс «Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы туралы» және соған ілеспе заң жобасын екінші оқылымда қабылдады. Бұл заң елдің қорғаныс қабілетін арттыруға, халықтың, аумақтық қорғаныс нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және мобилизация, әскери жағдай мен соғыс уақытында республиканың аумағын қорғауға бағытталған.

Үкімет
Фото: Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Заң жобасында еліміздің қорғаныс жүйесі үшін «өзін-өзі қорғау құрылымдары» және «ерікті» деген жаңа ұғымдар енгізіліп отыр. Өзін-өзі қорғау құрылымдары әскери жағдай мен соғыс уақытында жергілікті әскери басқару органдары арқылы құрылады.

Ал, өзін-өзі қорғау құрылымдарына ерікті түрде қабылданған Қазақстан азаматтары еріктілер болып саналады. Олардың қатарына мобилизацияға жататын және жатпайтын, бірақ өзін-өзі қорғау құрылымы құрылған сәтте Қарулы Күштер қатарына шақырылмаған азаматтар кіреді. Олар елді мекендерді, аумақтық қорғаныс нысандарын күзету және қорғау, қорғаныс бекіністерін салу, эвакуациялық іс-шараларды өткізу және басқа да міндеттерді орындауға тартылмақ.

Еріктілерден құралған кейбір өзін-өзі қорғау құрылымдары жауынгерлік міндеттерді орындау үшін Қарулы Күштердің құрамына енгізілуі мүмкін.

Ілеспе түзетулер арқылы Кәсіпкерлік және Бюджет кодекстеріне, сондай-ақ 14 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Бұл түзетулер аумақтық қорғаныс саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың (қорғаныс, ішкі істер, төтенше жағдайлар министрліктері, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдары, әкімдіктер және басқа органдар) құзыреттерін бекітеді.

Қазір оқып жатыр

«Қасқырмен қоректеніп, қабан ұстады»: Үміттің Қазақстандағы алғашқы күндері қалай өтті?

жолбарыс

Ломтадзе Kaspi такси мен тамақ жеткізу сервисін іске қосуға неге асықпайтынын түсіндірді

Михаил Ломтадзе

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

дебат

Қарағандыдағы полиция бекетіндегі қыз өлімі: қылмыстық іс сотқа жолданды

ұрлық