USD
USD
USD

Қазақстанда оқу бағдарламасы мен оқулықтар мазмұны өзгертіледі

Бұл жөнінде Үкімет отырысында оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді.

Оқушы
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Министрлік оқу бағдарламаларының мазмұнын күшейтуге және оқу қорын жаңартуға басымдық бермек.

«IT саласын және цифрлық құзыреттерді дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Негізгі басымдық бастауыш деңгейін нығайтуға арналады. Себебі дәл осы кезеңде баланың алдағы білім алу жолын айқындайтын базалық білім, дағдылар мен құндылықтар қалыптасады» – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Министрдің мәлімдеуінше, осыған байланысты оқу бағдарламаларының мазмұны ғана емес, оқулықтардың мазмұны да қайта қаралады. Сондай-ақ 1-сынып оқушылары негізгі пәндер бойынша жұмыс дәптерлерімен қамтамасыз етіледі.

«5-9-сыныптар деңгейінде іргелі ғылымдарды тереңдетіп оқытуға басымдық беріледі. Сонымен бірге 8-9 сыныптарда «Қазақстан географиясы» пәнін аптасына екі сағат көлемінде қайта енгізу қарастырылуда. Оқу бағдарламалары іргелі білімді кезең-кезеңмен нығайтуға арналады», – деді министр.

Жоғары сыныптарда барлық негізгі пәнді міндетті түрде оқыту заңмен бекітіледі.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар