USD
USD
USD

Қазақстанда неке сақиналары күрт қымбаттаған

Ұлттық статистика бюросының дерегіне сүйенсек, наурыз айының қорытындысы бойынша алтыннан соғылған неке сақиналары бір айда 5,5%-ға қымбаттаса, бір жылда 45%-ға қымбаттаған.

Неке сақинасы
Фото: freepik.com

Астана, NEGE. Жас жұбайларға арналған сақиналардың бағасы Ұлытау облысында ең қатты қымбаттаған – бір жылдағы өсім 71%. Одан кейінгі орында 29,9% көрсеткішімен Астана және 29% көрсеткішпен Шымкент қаласы тұр.

Ал Маңғыстау облысында неке сақинасының бағасы бір жылда 14,5%-ға өскен.

Статистер Қазақстанда зергерлік бұйымдар өндірісі артып келе жатқанын атап өтеді. 2024 жылмен салыстырғанда, 2025 жылдың қаңтар–желтоқсан аралығында өндіріс көлемі 7,7%-ға өсіп, 2,7 млрд теңгеге жеткен.

Қазір оқып жатыр

Вице-президент, Құрылтай төрағасы: Ұлттық пантеонға жерленетін тұлғалар тізімі жаңартылды

Пантеоан аумағы

ONAY-дағы ақау: Алматы метросында ұзын-сонар кезек пайда болып, қалалықтар жұмысына кешікті

Метродағы кезек

Алматыда оқушылары жаппай уланған физика-математика мектебінің басшылығы ауысты

Алматыдағы республикалық физика-математика мектебі

Қазақ айтысының көрнекті өкілі Надежда Лушникова өмірден өтті

Надежда Лушникова