USD
USD
USD

Қазақстанда микроқаржылық ұйым лицензиясынан айырылды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Batys Kapital» микроқаржылық ұйымының лицензиясын тоқтатты. 

лицензия
Фото: Depositphotos.com / freedomtumz

Астана, NEGE. Агенттіктің мәліметінше, компания Қазақстан заңнамасының талаптарын, сондай-ақ уәкілетті орган мен Ұлттық банктің нормативтік құқықтық актілерін жүйелі түрде бұзған.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, лицензиясынан айырылған МҚҰ 30 күнтізбелік күн ішінде қайта тіркеуден өтуі тиіс. Сонымен қатар, атауынан «микроқаржылық ұйым» деген сөзді және микроқарыз беру қызметін білдіретін сөздерді қолданыстан шығару қажет. Балама ретінде бизнесті қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауға болады.

«Микроқаржы ұйымының лицензиясынан айырылуы қарыз алушыларды ұйым алдындағы міндеттемелерін уақытында және толық орындаудан босатпайды», делінген хабарламада.

Яғни Batys Kapital компаниясының өтелмеген микроқарыздары бар клиенттері келісімшарттарды толық көлемде және белгіленген мерзімде орындауды жалғастыруы тиіс. Келісімшарт талаптарына сәйкес, төлемді кешіктіруге байланысты жауапкершілік қарастырылған.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс