USD
USD
USD

Қазақстанда мемлекеттік сайттар жұмыс істемей қалды

2025 жылдың 24 қаңтарында eGov.kz және gov.kz сайттары жұмыс істемей қалды. 

eGov Mobile
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ («ҰАТ» АҚ) жағдайға түсініктеме берді.

«Мемлекеттік органдардың серверлік орталығының инфрақұрылымындағы техникалық ақауға байланысты «ҰАТ» АҚ қолдау көрсететін бірқатар қызметтер уақытша қолжетімді емес. Осы себепті eGov.kz порталының, eGov мобильді қосымшасының, «Е-лицензия» және «Ашық үкімет» порталдарының, Мемлекеттік органдардың Бірыңғай интернет-порталының және «ҰАТ» АҚ басқа да жобаларының құрамдас бөліктері уақытша жұмыс істемей тұр», – делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, халыққа қызмет көрсету орталықтарында қызметтер уақытша тоқтап тұр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық ғалымдар сүйекке арналған отандық импланттар әзірлеп жатыр

Имплант

Мемлекеттен 350 млн теңге алып, өндіріс ашпаған: Астанада алаяқтық әшкереленді

Адам ұрлау

1,6 млрд теңгелік тендерді құжатсыз өткізбек болған шенеунік сөгіспен құтылды

Шенеунік

Қазақстаннан мұнай өнімдерінің кейбір түрлерін экспорттауға рұқсат берілмек

мұнай