Қазақстанда медициналық авиация ұшақтары жаңартылады

Мне дициналық авиацияның ескі ұшақтары жаңа, заманауи әрі тиімді ұшақтарға ауыстырылды, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.
Алматы, NEGE. Ведомство басшысының айтуынша, бұл еліміздің ең шалғай түкпірлерінің тұрғындары үшін шұғыл медициналық көмекті қауіпсіз әрі қолжетімді етуге мүмкіндік береді.
«Біз ескі медициналық авиация ұшақтарын жаңа, заманауи және тиімдірек ұшақтарға ауыстыру процесін бастаймыз. Бүгін «Еурокоптер Қазақстан инжиниринг» зауытының өндірістік алаңында медициналық авиацияны дамыту және әуе кемелері паркін жаңарту перспективаларын талқыладық. Airbus Helicopters Kazakhstan Engineering бас директоры Себастьян Ксавье Джонатан кәсіпорынның медициналық авиация қызметтерін көрсету үшін жаңа H125 тікұшақтарын жеткізу мүмкіндіктері туралы айтып берді. Жоспарланған әріптестік шеңберінде инвестициялар туралы келісім шарттарында біз тозған техниканы жаңа медициналық тікұшақтармен алмастыра аламыз. Бұл, ең алдымен, біздің пациенттер мен медицина персоналы үшін ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, сондай-ақ борттарда медициналық көмек көрсету үшін барынша қолайлы жағдайлар жасау да маңызды», – деді Ақмарал Әлназарова.
Министр сапар барысында Alaman Air әуекомпаниясына тиесілі екі медициналық модулмен жабдықталған Bombardier CRJ-200 турбореактивті мамандандырылған ұшағын қарағанын айтты.
Қазіргі заманғы борт ҚР бүкіл аумағы бойынша өңіраралық тоқтаусыз рейстерді, сондай-ақ ҚР пациент-азаматтарын шетелдік клиникалардан тасымалдау бойынша халықаралық рейстерді орындауға арналған.
«Медициналық авиация - бұл жай ғана технология емес, бұл өмірді сақтап қалу. Ол шұғыл жағдайларда пациенттерді жедел жеткізуді қамтамасыз етеді, қан компоненттерін, трансплантаттау үшін ағзаларды тасымалдауға көмектеседі, сондай-ақ елдің ең шалғай түкпірлеріндегі медициналық көмекті қолдайды», - деді ол.
Санитариялық авиация бригадаларының құрамында жұмыс істейтін дәрігерлер 2024 жылы 2 мыңнан астам ұшты.
«Әуеге көтерілгенде, олардың өмірлеріне қауіп төнбеуі керек. Біздің міндетіміз - оларға кәсіби борышты орындау кезінде толық қауіпсіздікті қамтамасыз ету», - деді Әлназарова.