Қазақстанда медианалық жалақы 331 мың теңге болды
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, I тоқсанда Қазақстандағы бойынша орташа айлық атаулы жалақы өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда, 109,1%-ға өсіп, 461 486 теңге болды, нақты мәнде 97,7% өскен.
Астана, NEGE. Ал I тоқсанда бағалау бойынша медианалық жалақы 331 527 теңге болды.
Өңірлік бөліністе 2025 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда биылғы I тоқсанда орташа айлық атаулы жалақы Абай облысында көбірек өскені байқалды –14,2%. Одан кейін Павлодар облысы – 12,4%, Жетісу облысы –12,2 %, Алматы облысы – 10,9% және Алматы қаласы – 10,7 % көрсеткішпен тұр.
2025 жылғы тиісті тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық жалақы биыл мына салаларда өскені байқалды:
- орман және балық шаруашылығы – 20,3%;
- қаржы және сақтандыру қызметі – 18,1%;
- сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау,өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет – 16,5 %;
- электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау – 14,7%;
- көлік және жинақтау – 12,9%;
- өнеркәсіп – 11,6%.
Ал денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету мен білім беру саласында орташа айлық жалақы айтарлықтай өсе қоймаған: 7 % және 4,2% ғана.