USD
USD
USD

Қазақстанда биыл 23,8 млн гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі – АШМ

ҚР Үкіметінің отырысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров егіс науқанына дайындық барысы туралы баяндады, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі. 

Егін
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. АШМ мәліметі бойынша, биыл 23,8 млн гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі. Бидайға 13,3 млн гектар егістік алаңдары бөлінген. Сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар және жоғары рентабельді дақылдар алаңдарын ұлғайту жоспарлануда.

«Майлы дақылдар алаңын 385 мың гектарға ұлғайту жоспарлануда, бұл жалпы егіс алаңын 3,2 млн гектарға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Оның ішінде күнбағыс сияқты әлеуметтік маңызы бар дақыл алаңын 60 мың гектарға ұлғайтып, 1,2 млн гектарға дейін жеткізу жоспарда бар», - деді министр.

Суармалы сумен қамтамасыз етуде туындайтын проблемаларды ескере отырып, ылғалды көп қажет ететін дақылдар алаңдарын қысқарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, мақта алқаптарының 16 мың гектарға, күріш алқаптарының 6,4 мың гектарға қысқаруы мүмкін. 

«Жалпы, астық дақылдары, көкөніс-бақша дақылдары, картоп бойынша жоспарланған алаңдар ішкі нарықтың қажеттіліктерін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті А. Сапаров.

Бұдан бөлек азықтық дақылдар алаңын 68 мың гектарға ұлғайтып, оларды 3,2 млн га дейін жеткізу жоспарлануда. Жаппай егіс науқаны биыл мамыр айының екінші онкүндігінде басталады.

Қазір оқып жатыр

Фельдшердің өлімі: сарапшы үйдің фасадының құлауына жобалық қателік себеп болғанын айтты

Вероника Лобаева

Алматыдан Лондонға бет алған Air Astana ұшағы Франкфуртқа қонуға мәжбүр болды

 Air Astana

Шымкентте дрон заңсыз қоқыс төккен КамАЗ жүргізушісін әшкереледі

белгіленбеген орынға қоқыс төккен

ДСМ телеарналар мен әлеуметтік желілерде фастфуд жарнамасын шектеуді ұсынды

жарнама