USD
USD
USD

Қазақстанда мәслихат депутаттарының сайлауы басталды

Бүгін, 29 қарашада Қазақстанда мәслихат депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Ел бойынша 228 мәслихаттың 3447 депутаты сайланады.

Сайлау
Фото: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Астана, NEGE. Сайлаушылар тізіміне 12,7 миллионға жуық Қазақстан азаматы енгізілген. Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-ге дейін жалғасады.

Таңғы сағат 06:00-де негізінен әскери бөлімдерде орналасқан 101 сайлау учаскесі жұмысын бастады. Қалған 10 237 учаске сағат 07:00-де ашылды.

Бұл жолы облыстық мәслихаттарға 668, қалалық мәслихаттарға 626, аудандық мәслихаттарға 2153 депутат сайланады. Кейбір өңірлерде бір депутаттық мандатқа алтыға дейін кандидат үміткер болып отыр.

Сайлауды ұйымдастыруға және өткізуге бюджеттен 35,8 млрд теңге бөлінген. Қаражаттың басым бөлігі сайлау комиссиялары мүшелерінің еңбекақысына жұмсалады.

Еске салайық, 12 қазанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы жарлыққа қол қойды. Келесі күні Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс сайлауды 29 қарашаға белгіледі.

Сайлау қорытындысы 3 желтоқсаннан кешіктірілмей шығарылуға тиіс.

Қазір оқып жатыр

Алматыда бес адам қаза тапқан өртке қатысты күдікті әйел ұсталды

Полиция

«Сағиды» өлтірді деген күдікке кім ілінген?

Витта Махмаханов

Павел Дуров iPhone иелеріне хакерлік шабуыл қаупі туралы ескертті

Павел Дуров

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың дипломатиясы Қазақстанның технологиялық мүмкіндіктерін кеңейтеді – сарапшы

.