29 Қазан 10:53
...
Қазақстанда машина жасау саласында 120 мың адам жұмыс істейді
Қазақстанда машина жасау саласында 120 мың адам жұмыс істейді. Бір жұмыс орнын ашуға байланысты аралас салаларда жеті-сегіз орынның пайда болуын ынталандырады.
Алматы, NEGE. Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында отандық машина жасауды дамыту мәселелері қаралды.
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың айтуынша, бүгінде өңдеу өнеркәсібі көлемі жағынан өндіруші өнеркәсіпті қуып жетіп, өсімін жалғастыруда. Бұл ретте жетекші орындардың бірін машина жасау саласы алады – 20%. Оған 4 мыңға жуық компания жұмылдырылған, 120 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған.
«Машина жасауды дамытудың негізгі артықшылықтарының бірі – оның күшті мультипликативті әсері. Халықаралық тәжірибеге сәйкес, салада бір жұмыс орнын құру аралас салаларда шамамен жеті-сегіз жұмыс орнының пайда болуын ынталандырады. 2024 жылдың 9 айында салаға шамамен 124 млрд теңге инвестиция тартылды, өсім 2 есе. Өндіріс көлемі 3 трлн теңгеден асты. Нақты көлем индексі – 104,2%», – деді Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев.
Сондай-ақ машина жасау құрылымында ең үлкен үлесті автомобиль жасау, теміржол және электротехникалық машинасын жасау алады.