Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қазақстанда мал ұрлығы азайды

Жыл басынан бері полиция мал ұрлығын кәсіп еткен 200-ден астам адамды, оның ішінде 26 қылмыстық топты ұстады. 

Ірі қара
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Биыл аталмыш қылмыс үшін 65-тен астам адам сотталды, олардың жартысы темір торға қамалып, 5 жылдан көп мерзім арқалады.

Қылмыстың бұл түрімен күрес жолға қойылған. Өңірлерде түлік иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, мал базарлары мен ет өнімдерін сататын орындар, мал сою цехтары үнемі тексеріледі.

Алматы, Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарында мал ұрлығын кәсіп еткен қылмыстық топтар анықталды. Қаскүнемдер ұрланған малды жүк көлігіне тиеп, әкетіп отырған. Негізгі күдіктілерден бөлек тасымалдаушылар және сатып алушылар да ұсталды.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мал ұрлығы үшін жауапкершілік күшейтілді. Қылмыстық кодекске “Мал ұрлығы” деген жеке бап енгізілді. Нәтижесінде Қазақстанда соңғы 5 жылда мал ұрлығының саны 32%-ға төмендеді.

Қазір оқып жатыр

Тойда уағыз айтып, басы дауға қалған ақсақалдың қызы Тоқаевқа үндеу жасады

қылмыстық іс

«Ресейден жеткізілген»: Алматыда жалған көлік нөмірлерін сатқан тұрғын ұсталды

жалған нөмірлер

ЕҮАК отырысында электрондық сауда туралы келісімге қол қойылды

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы

Алматыдағы «Байсат» базары аукционда 24,7 млрд теңгеге сатылды

Байсат