USD
USD
USD

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған qurban.muftyat.kz сайтын іске қосты.

.
Фото: Pixabay.com

Астана, NEGE. Биыл да құрбан шалу офлайн және онлайн форматта жүргізілмек. Діни басқарма өкілдерінің түсіндіруінше, бұл шара үлкен қалаларда тұратын жамағатқа құрбан шалу ыңғайлы болу үшін іске асырылып отыр. Онлайн түрде құрбан шалам деушілер сайт арқылы құрбандық малын таңдап, Kaspi QR арқылы қажетті қаражатты аудара алады.

«Қой мен ешкіні бір адам, ал ірі қара мен түйе малын бір немесе жеті адам бірігіп шалуына болады. Тапсырыс сәтті қабылданса, ұялы телефоныңызға SMS-хабарлама келеді. Құрбандық шалынған соң оның фото және бейне есебі тапсырыс беруші көрсеткен нөмірге жіберіледі», – делінген ҚМДБ сайтында жарияланған хабарламада.

Мүфтият барша қазақ елін Құрбан айт күндері өтетін қайырымдылық акциясына үлес қосуға шақырады.

Айта кетейік, ҚМДБ күнтізбесіне сәйкес биыл Құрбан айт 27-29 мамыр аралығында өтеді. Құрбан айттың алғашқы күні – 27 мамыр Қазақстанда демалыс күні болып белгіленген.

 

Қазір оқып жатыр

Асу Алмабаев UFC турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті

.

Ертісбаев ҚХП тізгінін Шоқановқа тапсырды

.

Шайға адал, кофеге құмар: қазақстандықтардың таңдауы қалай өзгеріп жатыр?

.

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі