USD
USD
USD

Құқық бұзғандарды видеоға түсіргендерге ақшалай сыйақы беріледі

Ішкі істер министрлігі құқық бұзғандарды дер кезінде видео түсірген азаматтарды марапаттауды жоспарлап отыр. 

телефон
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Ішкі иістер министрлігі "Ашық НҚА" порталында "Құқық бұзушылықтар профилактикасы туралы" заң жобасын жариялады. Заң жобасы негізінде азаматтарға "қоғамдық көмекші" болуға және тәртіпті сақтауға қатысуға мүмкіндік беру жоспарланған.

Құжатта құқықбұзушылықтың алдын алып, жолын кесіп немесе бейнежазбаға түсірген әлеуметтік жауапкершілігі бар азаматтарды ынталандыру да қарастырылған.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы бейнежазбаны уәкілетті органдарға жіберген азаматтар құқық бұзушыдан өндірілген айыппұл сомасынан ақшалай сыйақымен марапатталады немесе жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жеңілдіктер (қоғамдық көлікте тегін жүру, тегін автотұраққа немесе басқа жеңілдіктер) қарастырылады.

Алайда сыйақы алушылар оны алушы ретінде көрсете отырып, оны қайырымдылық ұйымына қайта бағыттауға құқылы.

Заң жобасын қоғамдық талқылау 10 қазанға дейін жалғасады. 

Қазір оқып жатыр

«Әр мәселенің артында нақты адам тұр»: сарапшы сапасыз бензин туралы

Decaf.

86 млн теңгелік автошеру: «ҚазТрансГаздың» бұрынғы басшысы Санжар Боқаевтың рөлі туралы айтты

Боқаев

Қорғаныс министрі әскери қызметте қаза тапқан сарбаздардың туыстарымен кездесті

Gov

Бурабайда орманды қоршаған құрылысшылардың рұқсат құжаты жоқ болып шықты

Бурабай