USD
USD
USD

Қазақстанда құбылмалы ауа-райы сақталады

Қазгидромет синоптиктері 22 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды

Қазгидромет
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE.  Осы аптада тағы да тұрақсыз ауа райы күтілмекші. Жаңбыр жауып, әсіресе еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында найзағай болады. Республиканың батысында, солтүстігінде, орталығында антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде. ҚР бойынша желдің күшеюі, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болжануда.

Ақтөбе, Қарағанды облыстарында, Ұлытау облысының шығысында, Жетісу облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстік-шығысында, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, орталығында, Алматы облысының батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, Абай облысының шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Маңғыстау, Атырау, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ұлытауоблыстарында, Абай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қазір оқып жатыр

«Жұмыста қысым болған»: Көкшетау соты қызметкерінің қазасы туралы құзырлы орган не дейді?

Аян Дүйсеков

«Біздің армия өткен ғасырда қалып қойған»: Тоқаев әскери реформаны он күнде әзірлеуді тапсырды

Ақорданың баспасөз қызметі

Каспийдегі қайғылы оқиға: қабылданған шешімдер хронологиясы

Қаза тапқан әскерилер

Маңғыстауда қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды

Маңғыстау