USD
USD
USD

Қазақстанда қой еті 24 пайызға, сиыр еті 21 пайызға қымбаттады

Сарапшылардың мәлімдеуінше, сәуір айында сиыр еті келісінің орташа бағасы 3,7 мың теңге, қой еті – 4 мың теңге, жылқы еті 4,1 мың теңге болды.

баға
Фото: shutterstock

Астана, NEGE. Қазақстанда еттің барлық түрінің бағасы айтарлықтай қымбаттап жатыр, деп жазады  Energyprom

Сәуір айындағы көрсеткіш бойынша қой етінің бағасы бір жыл ішінде бірден 23,5%-ға, сиыр еті 20,9%-ға, жылқы еті 14,5%-ға өскен.

Ең жоғары баға Алматы мен Ақтауда тіркеліп отыр. Мәселен, Алматыда бір келі сиыр етінің бағасы 4 мың теңгеден асса, қой еті 4,4 мың теңге, жылқы еті 4,5 мың теңгеге жеткен. Ал Ақтауда жылқы етінің бір келісі 4,6 мың теңгеден сатылып жатыр. 

Айта кетерлігі, жан басына шаққанда сиыр етін тұтыну көлемі 2024 жылғы 25,3 келіден 2025 жылы 25,1 келіге төмендеген. Қазақстандықтар қой етін де аз тұтынатын болған. Мұны сарапшылар бағаның өсуімен байланыстырады. Ал жылқы етін тұтыну көлемі артқан: бір адамға шаққанда жылына 6,2 келіден 7,5 келіге дейін артқан.

Бұл ретте ет өндірісінің көлемі төмендегені байқалады. Қаңтар-сәуір айларында жаңа сойылған ет өндірісі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,8%-ға төмендеп, 25,7 мың тонна болған. Өндіріс көлемі екінші жыл қатарынан қысқарып отыр.

Қазір оқып жатыр

Фельдшердің өлімі: сарапшы үйдің фасадының құлауына жобалық қателік себеп болғанын айтты

Вероника Лобаева

Алматыдан Лондонға бет алған Air Astana ұшағы Франкфуртқа қонуға мәжбүр болды

 Air Astana

Шымкентте дрон заңсыз қоқыс төккен КамАЗ жүргізушісін әшкереледі

белгіленбеген орынға қоқыс төккен

ДСМ телеарналар мен әлеуметтік желілерде фастфуд жарнамасын шектеуді ұсынды

жарнама