USD
USD
USD

Қазақстанда көліктің алдыңғы терезелерін қараңғылауға рұқсат берілуі мүмкін

Сенат кулуарында ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев Қазақстанда автомобильдердің алдыңғы терезесін қараңғылауға салынған тыйымды алып тастау мәселесі қарастырылып жатқанын мәлімдеді. 

Машина
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. “Көліктің алдыңғы терезесін қараңғылау мәселесі бірінші күн көтеріліп тұрған жоқ. Қазір ІІМ алдыңғы әйнектерді қараңғылауға тыйым салу тарихын зерттеп жатыр. Бұл мәселені депутаттар да көтерді. Кеден одағының регламенті бар, онда алдыңғы әйнектер қаншалықты қараңғыланған болуы керек екені көрсетілген. Жол қозғалысы бұзылған кезде жүргізушілерді, жолаушыларды сәйкестендіруде қиындық туғандықтан алдыңғы терезені қараңғылауға тыйым салынған еді", - деді ІІМ басшысының орынбасары.

Марат Қожаев қазір қараңғылауға тыйым салудың қаншалықты орынды болғаны талқыланып жатқанын айтты.

“Құқықбұзушылықтарды тіркеудің жаңа техникалық құралдары пайда болып жатыр. Сондықтан біз бұл мүмкін бе, әлде жол қозғалысы қауіпсіздігіне нұқсан келтіре ме, соны зерттеп жатырмыз", - деді Қожаев. 

Қазір оқып жатыр

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Траур

Астана тұрғыны АИ-95 бензинін құйғаннан кейін көлігі тартпай қалғанына шағымданды

Жанар-жағармай бекеті

Қазақстан электронды үкімет рейтингінде 24-орынға көтерілді

Цирфлы Қазақстан

Тоқаев Каспий теңізінде қаза болған әскерилердің туыстарына көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев