USD
USD
USD

Қазақстанда қылмыстық және әкімшілік рақымшылыққа кімдер ілігуі мүмкін?

Мәжіліс 21 мамыр күні «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы» заң жобасын және оған ілеспе құжаттарды жұмысқа алды.

рақымшылық
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. Заң жобасы Парламент депутаттарының бастамасымен әзірленген. Депутат Снежанна Имашеваның мәлімдеуінше, бұл заң жобалары жаңа Конституцияның қабылдануына орай Мемлекет басшысының қылмыстық және әкімшілік рақымшылық жариялануына байланысты әзірленген.

«Заң жобаларында қылмыстық рақымшылық шеңберінде материалдық зиян келтірмеген, немесе оны толық өтеген, ауырлығы аз немесе орташа қылмыстық теріс қылықтар мен қылмыстар бойынша жауаптылықтан босату, ал ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша келтірген шығын толық өтелген жағдайда жаза мезімдерін қысқарту ұсынылады», – деп баяндады Снежанна Имашева.

Сондай-ақ, депутаттың нақтылауынша, кейбір азаматтар заң қолданысқа енгізілген күнге дейін орындалмаған әкімшілік айыппұл түрінде салынған әкімшілік жазадан босатылады. Атап айтқанда:

  • Қазақстан азаматы болып саналатын жеке тұлғалар;
  • кәсіпкерлік субъектілері;
  • жеке нотариустар;
  • адвокаттар;
  • қандас мәртебесі бар адамдар және т.б.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда Конституцияның 30 жылдығына байланысты 15,1 мыңнан астам адамға рақымшылық жасалған еді.

Қазір оқып жатыр

АҚШ-та қазақстандық жігіт жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

.

«Әділет» партиясы Құрылтайда барынша көп орын алуды көздейді

.

AMANAT партиясы «Әділет» партиясының құрамына қосылды

.

Қазақстан жаһандық тұрақсыздыққа қарамастан инфляцияны төмендету бағытын сақтап отыр

Инфляция