USD
USD
USD

Қазақстанда кей дәрінің бағасы 40 пайызға дейін төмендеген

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті әлеуметтік желілердегі дәрілік заттар бағасының жаппай өсуі туралы ақпаратты теріске шығарды.

Дәріхана
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Керісінше, қазанда маусыммен салыстырғанда, дәрілердің 50%-ында бағаның төмендеуі тіркелген. Еліміздің 20 өңірінде жүргізілген мониторинг осындай қорытынды жасауға негіз болған.

Соның ішінде «Хеель», «Ревмоксикам», «Цефяпс», «ВАЛМАК-Н», «Зитмак» сияқты бес дәрінің бағасы 20 пайыздан 40 пайызға дейін айтарлықтай төмендеген.

Бұл ретте ведомство өкілдері бес мыңға жуық дәрілік затқа шекті баға бекітілгенін еске салып өтті.

«Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті 2025 жылы елімізде дәрілік заттардың бағасын мемлекеттік реттеудің жаңартылған тетігі іске асырылып жатқанын хабарлайды.

Қазіргі уақытта 4994 сауда атауындағы дәрілік заттарға шекті бағалар бекітілген. Сонымен қатар 1707 рецептісіз босатылатын препарат мемлекеттік реттеуден шығарылып, уәкілетті органдардың тұрақты мониторингі жағдайында нарықтық бағамен сатылуда», – делінген хабарламада.

Белгіленген шекті бағаларды негізсіз көтеру фактілері анықталған жағдайда Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 426-бабына сәйкес жауапкершілік көзделген.

«Бағаны негізсіз көтеру немесе дәрілік заттарды өткізу кезінде заңбұзушылықтар туралы DariKZ мобильді қосымшасы арқылы, сондай-ақ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің өңірлік департаменттеріне жүгіну арқылы хабарлауға болады. Барлық өтініш заңнамада белгіленген тәртіппен қаралады», – деп мәлімдеді комитет өкілдері.

Сонымен қатар олар тұрғындарды тек ресми ақпарат көздеріне және тексерілген деректерге сүйенуге шақырады.

Қазір оқып жатыр

Астанада Көші-қон қызметі басқармасының бұрынғы басшысына қатысты тергеу жүріп жатыр

Ербол Махметов

Фельдшердің өлімі: сарапшы үйдің фасадының құлауына жобалық қателік себеп болғанын айтты

Вероника Лобаева

Алматыдан Лондонға бет алған Air Astana ұшағы Франкфуртқа қонуға мәжбүр болды

 Air Astana

Шымкентте дрон заңсыз қоқыс төккен КамАЗ жүргізушісін әшкереледі

белгіленбеген орынға қоқыс төккен