USD
USD
USD

Қазақстанда кедейлік деңгейі төрт есеге жуық төмендеді

Қазақстанда кедейлік деңгейі жиырма жылда төрт есеге жуық төмендеді. Бұл жөнінде Дүниежүзілік банк мәліметінше, 2006-2025 жылдары ұлттық кедейлік көрсеткіші 18,2%-дан 4,9%-ға дейін азайған.

ақша
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Банк баяндамасында халықаралық өлшем бойынша да оң өзгеріс байқалатыны айтылған. 2021 жылғы сатып алу қабілетінің паритеті бойынша күніне 8,3 доллардан аз табыс табатын қазақстандықтардың үлесі 2006 жылғы 55,7%-дан 2024 жылы 13,8%-ға дейін қысқарған. Бұған негізінен жалдамалы еңбек арқылы халық табысының өсуі әсер еткен. Кедейлік деңгейі барлық өңірде төмендеген.

Алайда соңғы жылдары бұл көрсеткіштің төмендеу қарқыны баяулаған. COVID-19 пандемиясы, инфляция және Украинадағы соғыс экономика мен халықтың тұрмыс деңгейіне кері әсерін тигізген. Мәселен, баяндамада келтірілген дерекке сәйкес, халықаралық кедейлік деңгейі 2018-2020 жылдары шамамен 19% деңгейінде сақталып, 2022 жылы 15,2%-ға дейін төмендеген. Ал 2022-2024 жылдары шамамен 14% деңгейінде қалған.

Дүниежүзілік банк инфляция, әсіресе табысы төмен отбасыларға салмақ түсіріп отырғанын атап өтеді. 2026 жылғы шілдеде жылдық инфляция 10,2%-ға дейін баяулағанымен, азық-түлік бағасы 10,1%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 11,7%-ға, қызметтер 9,7%-ға қымбаттаған.

Сонымен қатар экономикалық өсім халықтың нақты табысының артуына тікелей әсер етпеген. 2025 жылы жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 5,2%-ға өскенімен, нақты жалақы 1,4%-ға, ал нақты табыс 2,3%-ға төмендеген.

Дүниежүзілік банктің болжамынша, халықаралық кедейлік деңгейі 2025 жылы 11,2%-ға, 2026 жылы 9,9%-ға, 2027 жылы 8,7%-ға дейін төмендеуі мүмкін. Алайда ұйым экономикалық өсім мен халық табысы арасындағы алшақтыққа байланысты бұл болжамдардың белгісіздігі жоғары екенін ескертеді.

Табыс теңсіздігі бойынша Қазақстанның Джини индексі 2024 жылы 30,2-ден 29-ға дейін төмендеген. Дегенмен World Inequality Database дерегіне сәйкес, 2024 жылы елдегі ең жоғары табыс алатын халықтың 1%-ының үлесіне жалпы табыстың 14,9%-ы тиесілі болған. Ал халықтың ең төмен табыс алатын 50%-ы жалпы табыстың 16,4%-ын иеленген.

Дүниежүзілік банктің дерегінше, 2025 жылы Қазақстанда кедейлік шегінен төмен өмір сүретін 1 млн-нан астам адам болған. Бұл халықтың 4,9%-ына тең.

Қазір оқып жатыр

Бұрын істі болған экс-депутат Жұманғариннің штаттан тыс кеңесшісі болды

Болатбек Әлиев

Ақтаудағы нөсерден кейін әкімдік мердігерді сынға алды

Ақтау

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram