USD
USD
USD

Қазақстанда онлайн алуға болатын медициналық қызметтер саны артады

Денсаулық сақтау министрлігі қашықтан алуға болатын медициналық қызметтер тізбесін кеңейтетін бұйрық жобасын әзірледі.

медициналық қызмет
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Құжат «Ашық НҚА» порталында көпшіліктің талқылауына шығарылды.

Өзгеріс қашықтан медициналық көмек көрсету жүйесін дамытуды көздейді және денсаулық сақтау саласында заманауи цифрлық технологияларды пайдалану мүмкіндіктерін кеңейтеді.

«Атап айтқанда, жобада алғаш рет қашықтық форматында көрсетілуі мүмкін медициналық қызметтердің тізбесі, сондай-ақ нәтижелерін дәрігер онлайн режимінде сипаттап, түсіндіре алатын диагностикалық зерттеулердің тізбесі бекітіледі. Бұдан басқа, құжат телемедициналық қызметтерді көрсету кезінде қолданылатын технологияларды айқындап, оларды ұсыну шарттарын кеңейтеді», – делінген түсіндірмеде.

Жаңартылған ережелер елдің барлық өңірінің, оның ішінде ауылдық елді мекендер тұрғындарының, қозғалысы шектеулі адамдардың, сондай-ақ динамикалық бақылауды немесе қайталама консультацияларды қажет ететін пациенттердің медициналық көмекке қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді деп күтіледі.

Бұл ретте жаңа нормалар дәрігердің қабылдауын толығымен алмастырмайтыны атап өтілген. Егер пациентке медициналық ұйымда қарап тексеру, тексеруден өту немесе емделу қажет болса, көмек бұрынғысынша дәстүрлі форматта көрсетіледі. Қашықтан медициналық қызметтер тек медициналық тұрғыдан рұқсат етілген және белгіленген талаптарға сай келетін жағдайларда ғана қолданылмақ.

Қазір оқып жатыр

Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды

Арман Шораев

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу