Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қазақстанда қар барысының саны 2 есеге артты

ҚР экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысында қабылданған күш-жігердің арқасында Қазақстанда қар барыстарының санын 2 еседен астамға көбейіп, 180 басқа жеткізілгенін хабарлады.

қар барысы
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Ол республикада қар барыстарының санын қалпына келтіру бойынша бірқатар кешенді шаралар қабылданғанын, негізгі мекендеу орындарында 3,6 млн га алаңда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылғанын (Іле Алатауы, Көлсай көлдері, Алтынемел, Сайрам-Өгем, Жоңғар Алатауы, Шарын, Тарбағатай, Катонқарағай МҰТП, Қаратау және Батыс Алтай МТҚ және басқа қорықтар) атап өтті, қазір барыстар мекендейтін жерлердің шамамен 70%-ы ЕҚТА ретінде қорғалған.

Есепке алу және мониторинг жүргізудің заманауи әдістері, фототұзақтар мен спутниктік телеметрия белсенді қолданылады.

11 барыс спутниктік арнайы мойын қарғысымен таңбаланды, алдағы уақытта ерекше қорғалатын табиғи аумақтар желісін жетілдіру жоспарланып отыр.

«Қар барыстарын қорғау және мониторинг жүргізу бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде олардың саны 90-шы жылдардағы ең төменгі деңгейден (80-100 бас) екі есеге артып, 180 басқа дейін жетті. Жануардың бұл түрін сақтап қалу жұмыстары жалғасуда, трансшекаралық және халықаралық ынтымақтастық белсенді даму үстінде», – деп атап өтті Ерлан Нысанбаев.

Қазір оқып жатыр

Көрімдік берудің жаңа тәсілі: Aitu-да дәстүрге арналған аударымдар пайда болады

 Aitu

Алдағы 12 айда базалық мөлшерлеме 14,75%-ға дейін төмендеуі мүмкін – сарапшылар

Базалық мөлшерлеме бойынша болжам

Отбасы банк: зейнетақы жинақтарының шегін арттыру ипотекалық өтінімдерге әсер етпеді

Ұмай

Қазақстанда тұрғын үй саудасы түсіп барады

тұрғын үй нарығы