USD
USD
USD

Қазақстанда қанша ер-азамат тұрады?

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда 10 044 673 ер-азамат тұрады.

Ер-азаматтар
Фото: Астана әкімдігі

Астана, NEGE. Соның ішінде 16-60 жас аралығындағы ер адамдар саны басым екені мәлім болды – 56,5%. Одан кейінгі орында 15 жасқа дейінгі ер балалар тұр. Олар Қазақстандағы барлық ер-азаматтың 30,2%-ына тең. Ал 61 жастан жоғары азаматтар саны 13,3% екен.

Ерлер ең көп шоғырланған өңірлер тізімінде Алматы мен Түркістан облысы көш бастап тұр. Бұл қалалардың әрқайсысында 1,1 млн ер адам тұрады. Одан кейін ер адамдардың басым бөлігі Алматы облысында тұрады екен. Бұл өңірдегі ер-азаматтар саны – 806,5 мың. Ал Астана қаласында 785,4 мың ер-азамат тұратыны белгілі болды.

Статист мамандар келтірген мәлімет бойынша, Қазақстанда ерлердің орташа жасы 31,1 жас болса, күтілетін өмір сүру ұзақтығы – 72,19 жыл.

Өткен жылғы статистикаға сәйкес, 4,8 млн ер адам, яғни барлық азаматтардың 51,6%-ы жұмыспен қамтылған.

Жалдамалы жұмысшылар арасындағы үлес – 50,6%.

Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар –  55,1%.

Салалар бойынша жұмыспен қамтылған ерлердің үлесі:

  • Өнеркәсіп – 16,5%;
  • Көтерме сауда –14%;
  • Ауыл шаруашылығы – 12,4%;
  • Көлік және қойма –11,1%.

Ал жеке кәсіпкерлер арасындағы ерлердің үлесі 54,7%-ға тең болған.

Ең көп жұмыспен қамтылған ерлер 35-44 жас аралығында –1,4 млн адам.

Қазір оқып жатыр

Вице-президент, Құрылтай төрағасы: Ұлттық пантеонға жерленетін тұлғалар тізімі жаңартылды

Пантеоан аумағы

ONAY-дағы ақау: Алматы метросында ұзын-сонар кезек пайда болып, қалалықтар жұмысына кешікті

Метродағы кезек

Алматыда оқушылары жаппай уланған физика-математика мектебінің басшылығы ауысты

Алматыдағы республикалық физика-математика мектебі

Қазақ айтысының көрнекті өкілі Надежда Лушникова өмірден өтті

Надежда Лушникова