USD
USD
USD

Қазақстанда ипотеканың шекті мөлшері өзгереді

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап ипотекалық несиелер бойынша сараланған жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі енгізіледі.

ипотека
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бірлескен қаулы қабылдады. 

Қаулыға сәйкес, егер қарыз алушы бастапқы жарна ретінде тұрғын үй құнының кемінде 30%-ын төлесе (LTV көрсеткіші 70%-дан аспаса), онда ең жоғары мөлшерлеме 20%-ды құрайды. Ал бастапқы жарна 30%-дан төмен болса, мөлшерлеме 25%-ға дейін жетуі мүмкін.

Осылайша, банктер бастапқы жарнасы төмен ипотекалық несиелерден көбірек табыс таба алады. Қазір мұндай несиелер олар үшін аса тиімді емес.

Ал 1 қаңтарға дейінгі кезеңде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің қолданыстағы шекті деңгейі 25% болып қала береді.

Қазір оқып жатыр

АҚШ соты 75 елдің азаматына иммиграциялық виза беруді тоқтату туралы шешімнің күшін жойды

иммиграциялық виза

Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19%-ы қатысты – ОСК

Құрылтай сайлауы

Албания Орталық сайлау комиссиясының өкілі: Келушілер қарасы мол

Құрылтай сайлауы

Маңғыстауда жаңа сайлау учаскелерінде дауыс беру белгіленген тәртіппен ұйымдастырылып жатыр

Балым