Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қазақстанда ипотека алу шарттары қайта қаралуы мүмкін

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Қазақстандағы ипотеканың жылдық сыйақы мөлшерлемесі және оны төмендету мүмкіндігі туралы сұраққа жауап берді.

Тұрғын үй
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ұлттық банк басшысы қолданыстағы ипотекалық мөлшерлемелердің шынында да "өте жоғары болып отырғанын" мойындады.

"10–15–20 жылға 25 пайыздық ипотека – бұл өте жоғары мөлшерлеме. 25 пайыздық мөлшерлемемен тіпті 10 жылға алса да, артық төлем орасан зор болады. Мұндай төлемдерді қазақстандықтардың көтере алуы не алмайтыны – үлкен сұрақ", – деді ол брифинг барысында.

Ұлттық банк басшысының сөзінше, жақында кредиттік мөлшерлемені 25-тен 20 пайызға дейін төмендету мәселесі қаралған.

"Мүмкін, қосымша зерттеу, бастапқы жарнаны арттыру немесе басқа да қосымша шарттар қажет болар. Сонда мөлшерлемені сәл төмендету нұсқасын қарастыруға болады", – деді Сүлейменов.

Сондай-ақ Тимур Сүлейменов әлеуетті қарыз алушыларға кеңес берді:

"Жалпы, менің кеңесім мынадай: егер сіз мемлекеттік бағдарламалардың шарттарына сай келсеңіз, соларды пайдаланғаныңыз дұрыс. Немесе біраз күте тұрған жөн, базалық мөлшерлеме және сәйкесінше ипотека бойынша нарықтық мөлшерлемелер төмендей бастағанша", – деп түйіндеді ол.

Қазір оқып жатыр

25 тамыздан бастап электросамокатпен тротуарда жүруге тыйым салынады

самокат

Стример әйел TikTok-тағы эфирден кейін психикалық ауруханаға жатқызылды

стример

Абай күнінде «Әділет» партиясының кандидаттары ақынның Семейдегі ескерткішіне тағзым етті

«Әділет» партиясы

Нұрай Серікбайдың отбасы сотталушыдан неге 10 млрд теңге талап еткенін түсіндірді

Нұрай Серікбай