USD
USD
USD

Қазақстанда халықаралық жүргізуші куәліктері берілмейді

Алматы қалалық полиция департаменті азаматтарға халықаралық жүргізуші куәлігін беруге құқығы жоқ жеке ұйымдарға, туристік агенттіктерге және басқа да құрылымдарға жүгінуге болмайтынын ескертеді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Халықаралық жүргізуші куәлігі – жүргізушінің шетелде көлік құралын басқару құқығын растайтын құжат. Бұл құжат 1968 жылғы 8 қарашадағы Жол қозғалысы туралы Вена конвенциясына қол қойған 180-нен астам елде мойындалады.

Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының процессинг орталығының бастығы Айдын Меркімбаевтың түсіндіруінше, Қазақстан Республикасының «Ішкі істер органдары туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, жүргізуші куәліктерін, оның ішінде халықаралық куәліктерді беру ішкі істер органдарының айрықша құзыретіне жатады.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында халықаралық жүргізуші куәліктері берілмейді. Азаматтардың күмәнді онлайн-сайттар немесе жеке фирмалар арқылы куәлік рәсімдеуге берген өтініштері заңды күшке ие емес. ХЖК ұлттық жүргізуші куәлігінің орнын баспайды, тек оның ресми аудармасы саналады.

Құжат қажет болуы мүмкін:

– шетелде автокөлікті жалға алу кезінде;

– жеке автокөлікпен шекарадан өту кезінде;

– жолдағы тексеру барысында құжаттарды көрсету кезінде;

– шетелде сақтандыруды рәсімдеу кезінде.

Халықаралық жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыру немесе оқудан өту талап етілмейді.

Алматы қалалық полиция Департаменті, азаматтарды сақ болуға және алаяқ делдалдардың арбауына түспеуге шақырады. Күмән туындаған жағдайда азаматтарға аумақтық ішкі істер органдарына жүгініп, толық ақпарат алуға кеңес беріледі.

Қазір оқып жатыр

СІМ соғыс аймағында жүрген 14 қазақстандықтың елшілікке жеткізілетіні туралы ақпаратты теріске шығарды

СІМ

Ыстамбұлда жеті қабатты үйдің үш қабаты опырылып, екі адам қаза тапты

Опырылған ғимарат

Украинадағы соғыс аймағында жүрген 14 қазақстандық Ресейдегі елшілікке жеткізіледі

Мейірман Шекеев

Ақтөбе облысында ер адам уақытша ұстау изоляторының төбесі арқылы қашып кеткен

Қашу