Қазақстанда халық саны қаншаға жетті?
Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының саны туралы жаңартылған деректерді ұсынды.

Астана, NEGE. Жарияланған статистикалық мәліметтерге сәйкес, осы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20 495 975 адамға жеткен. Оның ішінде:
әйелдер – 10 477 240;
ер адамдар – 10 018 735.
Бюро мәліметінше, Қазақстандағы қала халқының саны – 13 029 803 адам, ал ауыл халқының саны 7 466 172 адам болған.
2025 жылдың басымен (20 283 399 адам) салыстырғанда халықтың жалпы өсімі – 212 576 адам. Оның ішінде халық саны:
табиғи өсім есебінен – 196 423 адамға,
көші-қон сальдосы есебінен – 16 153 адамға артқан.
Қазір оқып жатыр
Каспийдегі оқу-жаттығудан кейін аман қалып, ауруханаға түскен сарбаздың жағдайы белгілі болды

Қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына көмек жинайтын бірыңғай қор белгіленді

Каспий теңізінде суға кеткен екі сарбаздың денесі табылды: қаза болғандар саны 14-ке жетті

Алматыда бұрын сотталғандар өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, 3 млн теңге бопсалаған

